ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК
ГККП «Дошкольная организация «Нұрбөбек» государственного учреждения «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»
Жабасак а.
87133934047
nurbobekgkkp@mail.ru

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК
ГККП «Дошкольная организация «Нұрбөбек» государственного учреждения «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»

МЕНЮ

Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз балабақшаның ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
6
Сәуір
2024

  1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
  3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.
  4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
  5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
  8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
  9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
  11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
  12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
  13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
  14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
  15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
  16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
  17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
  18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
  19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

 

29
Наурыз
2024

Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді.

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен  араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ. Бала балабақшаға алғашқы келген күндері 2 сағатқа ғана қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

   Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу – 2 айдан  6 айға дейін өтеді.

   Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-ананың қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.

   Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.

-Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатыңыз.

    Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2–3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Сондықтан кеңес береміз.

-Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

-Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі  тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

-Үйдегі жағдайда баланы өзіне–өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

-Баланың «социалдық  көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с.Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

-Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата–ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан  аулақ болыңыз.

-Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай–ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

-Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

-Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.

Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

 

© 2025. Все права защищены.