- Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.
- Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
- Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
- Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
- Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
- Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
- Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
- Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
- Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
- Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
- Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
- Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
- Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.